Білім ошақтарында қыз балалардың хиджаб киюіне тыйым салған жөн деп санайсыз ба?

Білім ошақтарында қыз балалардың хиджаб киюіне тыйым салған жөн деп санайсыз ба?

oikokpar216

«Алаш айнасы» дүниеге келгелі бері газетімізде сан мыңдаған мақала жарық көріп, талай мәселенің біржақты шешілуіне мұрындық болдық. Қоғамда орын алып жатқан әрбір оқиғадан қалыс қалмай, «Алаш айнасы» жаңалық жаршысы болуға ұмтылса, басылымдағы дүниелерді жіті бақылап, лайықты бағасын беріп жүрген оқырмандар қатары күн санап көбейіп келеді. Осы тұрғыда айтсақ, біраз уақыт бұрын газетімізде бір мәселені көтерген «Хиджаб қасиет пе, әлде қасірет пе?» және «Хиджаб жайлы оқырман не айтты?» атты мақалалар жарық көріп, пікір білдіргендер арасында үлкен «дау» туындаған-ды. «Екі жақты қырылыстырмай, үкім айтатын орган бар ма, жоқ па?» – деп жазған оқырман да болды. Осы орайда біз құзырлы орындарға хат жолдаған едік, жауаптары төмендегідей.

bilim-gane-gilim-ministrligi-1

Н.Аршабеков, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Орта білім департаментінің директоры:

Иә

– «Алаш айнасы» республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газеті көтеріп отырған мәселе бізді де бейжай қалдырмайтыны белгілі. «Білім ошағында хиджаб киген дұрыс па, бұрыс па» деген сауалдың бүгінде ел арасында да қайшы пікір тудырып отырғаны баршаға мәлім. Сіздер қойған сауалға байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орта білім департаменті төмендегідей жауап береді.

Ең бірінші кезекте мынаны айтқымыз келеді. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңындағы 47-баптың 14-тармағын тілге тиек етсек, білім алушылар мен тәрбиеленушілер білім беру жүйесінің ішкі тәртіптерін, ережелерін сақтауға және білім беру ұйымының жарғысы мен білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.

Айрықша атап өтерлігі, аталған баптың 18-тармағында көрсетілгендей, сөз болып отырған білім алушылар мен тәрбиеленушілер өз міндеттерін орындамаған жағдайда оларға білім беру ұйымының ережелері мен жарғысында көрсетілген шаралар немесе білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да шаралар қолданылуы мүмкін.

Заң талаптарын алға тарта отырып, мәлімдемемізді айқынырақ білдірсек, хиджабқа қатысты талап білім беру жүйесін діннен бөлу деген сөз емес және оқушыларға арналған бірыңғай мектеп киімін кию қандай да бір жағдай болсын кемсітушілікке жатпайды. Өйткені мұндай талап кімнің болсын қай дінге сенгендігіне қарамастан, еліміздегі барлық оқушыларға бірдей қойылады. Жұртшылықтың осыны ескергені жөн.

Былайша айтқанда, жоғарыда аталған заңнамаларға сәйкес, қыз балалардың мектеп қабырғасында хиджаб киюіне рұқсат беру, бермеу мәселесіне қатысты қойылатын талапты барлық оқушылардың бірдей орындаулары қажет.

Өздеріңіз білесіздер, бұл мәселе тек қана Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар көрші мемлекеттерде де өзекті тақырыпқа айналып отыр. Бірқатар елдер осы тұрғыда өз заңдарында хиджаб мәселесіне байланысты нақты шешім де қабылдаған-ды. Мысалдар келтіре кетсек, Өзбекстанда діни киімдерді киюге осыдан он жыл бұрын тыйым салынған. Кейін бұл бастаманы Тәжікстан мен Қырғызстан мемлекеттерінің білім беру министрліктері де дұрыс деп тауып, олар да оқушылардың хиджаб киюіне тыйым салғандығын айта кетсек артық болмас.

Ал енді алыс шетелдердегі жағдайға келсек, хиджаб киюді қолдамайтын елдер де жоқ емес. Білім беру ошақтары мен мемлекеттік мекемелерде әйелдердің діни киімдерін киюге шектеу қою, нақтырақ айтсақ, Марокко, Мысыр, Алжир тағы да басқа елдердің тәжірибесінде қашаннан бар.

1adilet-ministrligi-3

А.ДОСЖАН,  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы:

Жоқ

– Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабының 1-інші және 2-тармақтарында: «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру, жалпы, адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс»  деп анық көрсетілген. Ал осы заңның 14-бабының 1-тармағында: «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды»  деп жазылады.

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңының 3-бабында бекітілгендей, «Қазақстан Республикасының, басқа мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жеке өзі, сондай-ақ басқалармен бірге кез келген дінді еркін ұстануға немесе ешқайсысын ұстанбауға құқылы, дінге деген, құдайға құлшылық жасауға, діни жоралар мен рәсімдерге, дінді оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға көзқарасты айқындау кезінде қандай да бір күштеп мәжбүр етуге жол берілмейтіндігін» де айта кеткен жөн деп санаймыз.

Біздің өз кезегімізде негізінен заңды негіздерге жүгініп отырғандығымыз жайдан-жай емес. Енді мынаған қараңыздар, еліміздің «Білім туралы» заңының 43-бабының 1-тармағында: «Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шектерде оқу және тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады» – деп бекітілген.

Оқып жүргендерге бірыңғай форма кигізуді ендіру мәселесін шешу білім беру орындарының құзырына жатады және оның жарғысында немесе ішкі тәртібінің ережелерінде тіркеледі. Сөйтіп, оқушылар мен тәрбиеленушілердің бірыңғай форма киюін бекіту білім беру ұйымының өз шешімі болып табылады. Сондықтан да ішкі тәртіп құжаттарында көрсетілуі керек. Оған дауымыз жоқ.

Десек те, одан басқа Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында нақтылы киім киюдің рұқсат беретін немесе тыйым салатын баптары жоқ. Сөйтіп, ұлттық заңнамада оқу орындарында хиджаб киюге тікелей тыйым салатын норма көрсетілмеген.

Түйін
Өздеріңіз көріп отырғандай, жөнін айтады деп сенген қос министрліктің де «дауды» біржақты шешуге құзыры жетер емес. Оның себебі түсінікті. Нақтырақ айтсақ, білім ошақтарында хиджаб кию-кимеу мәселесі ешбір заңда көрсетілмеген. Нүктесін қояр деген оймен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне де хат жолдаған едік, олардан мынадай жауап алдық:

«Сіздердің 2009 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне келіп түскен хатыңызға төмендегіні хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабына сәйкес, сіз өтініш беру субъектісі болып табылмайсыз, ал өтініш нысаны Конституциялық Кеңестің құзыретіне жатпайды.

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңның 1-бабының 2-тармақшасына сай, Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Конституциясының  республиканың бүкіл аумағында жоғары тұруын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган ретінде Республика Конституциясы мен осы Конституциялық заңды басшылыққа ала отырып, соттардың немесе басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын барлық жағдайларда өзге мәселелерді анықтау мен зерттеуге бармай-ақ өкілеттігін жүзеге асырады». Конституциялық Кеңестің нені меңзегенін, шыны керек, біз түсінбедік.

Сөз соңында айтарымыз, бұл іске ел қалаулылары араласып, хиджаб мәселесін біржақты шешпесе болмайды. Өйткені қазір оқушыларды былай қойғанда, хиджаб киген ұстаздар мен мектеп басшыларының арасы ажырап, әрқайсысы өзінше «араша» сұрап жүр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста