Барлық кітапханалар мен баспаларды бір жүйеге бағындыру мүмкін бе?

«Ақымақ адаммен текке сөйлесіп, уақыт кетіргенше, одан да кітап оқып, ақылды ой алған артық» деген ғұламалардың сөзі бар. Адамзаттың рухани дүниесін байытатын кітаптың жөні бөлек қой. Алайда бүгінде осы кітаптың жай-күйі қалай? Оған деген сұраныс, жалпы, нарық жағдайына бейімделген бе? Осы тұста олқылықтар жетерлік секілді. Таралым аз, дүкендерден керек кітап табылмайды дегендей. Бәлкім, кітап нарығын дұрыс ретке келтіру үшін баспалар мен кітапханаларды бір жүйеге бағындыру керек шығар, ал ол мүмкін бе? Осы сауалды талқылап көрсек.

Гүлсім САҒАТПАЙҚЫЗЫ, Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасының директоры:
Иә

– Басшылық тарапынан қолға алынса, негізі, бір жүйеге бағындыру мүмкін және солай ету керек деп ойлай­мын өз басым. Бүгінгі таңда біз Қазақ­стан бойынша барлық баспалар­мен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Со­лар­дан шыққан кітаптарды бізге жет­кізіп отырады. Бірақ енді біздердің келіс­пей қалатын жағдайларымыз – таралым мәселесі. Мысалы, бірнеше том шықса, соның біріншісі бола ма, жоқ басқасы ма, солар бізге ретімен кел­мейді, көбіне. Біріншісі келсе, сосын бесіншісі келіп, қалғандары сол бойы жетпей қалуы да ғажап емес. Осындай олқылықтар болмас үшін, әрине, біздер баспалармен бір жүйеде болсақ, тығыз жұмыс істесек, қандай керемет болар еді. Сондай-ақ бір жүйемен жұмыс іс­теу кітаптар түрінің алуандығына да әсер етер еді.
Әйтпесе қазір бірін-бірі қайталайтын дүниелер шығу деген үрдіс бар. Біз көбіне өзімізге керек кітаптарды ала алмаймыз, ал онша сұранысқа ие емес кітаптар иін тіресіп тұрады. Керексіз кітаптар дегенде, бұл авторларды алалау емес. Айталық, мысалы, біздің кітапхана жасөспірімдерге арналған. Қалада балалар кітапханасы да бар. Бізді кейде солармен тең көргендей, ең кішкентай бөбектер оқитын кітаптар әкеле салады. Ал оны кім оқиды? Ал біздің оқырмандар саналы, мектепті бітірер жастағы, сон­дай-ақ студенттер де. Оларға керегі — салалық кітаптар. Бізге сондай кітаптар керек. Соларды сұрасақ, бізге әлгіндей балалар кітапханасына керек кітаптарды әкеліп береді. Не істейміз? Кішкентай балалар бізге келмейді. Егер баспалармен тікелей байланыста болсақ, онда осы жағын реттеген болар едік.
Тағы бір айтарлығы, қазақтілді кі­тап­тардың тиражы, әсіресе көркем әде­биеттер көбейсе, олар бізге жетсе дейміз. Бәлкім, бір жүйеге бағындырылса, осы жағы реттелетін шығар. Дүкендерде кітаптар қымбат, екінің бірі оны сатып ала қоймайды. Сондықтан кітап оқылуы үшін бірінші кезекте кітапханаға түсіру керек. Салалық кітаптардың да таралымын арттыруды сұрар едік, өзімізге сондай кітаптарды алдырар едік, мысалы, баспалардан. Мінеки, осындай игіліктер күтеміз. Мұны бүгіннен бастап қолға алмасақ болмайды.

Ғарифолла ӘНЕС, баспагер:
Жоқ

– Жалпы, бұл екеуін бір жүйеге ба­ғын­дырудың қажеті жоқ. Себебін ай­тайын сізге, біз дәл бүгін осы жа­ғынан тежеуілдеп, дами алмай отырмыз.  Ол мемлекеттік пе, жеке­мен­шік пе, ин­тернет кітапхана бола ма, тіпті ауылдағы болсын, ол – өз алдына бір бөлек жүйе. Ал баспалар жайлы айтсақ, елімізде қазір 300-дей баспа бар деп жүр ғой. Соның бәрін бүгінде мемле­кеттік тапсы­рысқа «отырғызып» қойған. Басшылық өлместің күнін көрерлік, әйтеуір әрқалай қаржы бөліп отырады. Біріне, мүмкін, 1 миллион, біріне 3 миллион теңге. Ал осының кесірінен бізде бүгінде кітап нарығы дамымай отыр. Ал кітап кем дегенде 10 мың тиражбен шықпаса, кітап өндірісі дамымайды ешқашан. Қазір­гі біздің ахуалымыз сондай, орыс­ша айтқанда «мартышкин труд» еш өнбес, әйтеуір өлместің күні.
1000 данадан 10 кітап шығарғанша, 10 мыңмен бір ғана кітап шығарған қан­дай тиімді болатыны айтпай-ақ түсінікті емес пе? Бір кітап үшін он редактор, он кор­ректор т.б сол сияқты он түрлі маман ұстау керек, әрқайсысына төленетін ақы деген бар. Сонымен-ақ кітаптың шығыны артып кетеді. Міне, тираж көтерілмей, еңсе көтерілмейді, ал тираж көтерілуі үшін бір жүйеге бағынып, тек мемлекеттік тапсы­рысқа жұмыс істеу дегенді өзгерту керек.
Жалпы, нарықтың қозғаушы күші — бәсе­ке, ал бәсекеде жеңу үшін сұранысқа сай болу керек екенін білесіздер. Тек кітап қана емес, газет-журналдардың да мәселесі осы сынды, бәсекеге жұмыс істеп жатқан жоқ. Бір жүйеге бағындыру дегеннен қашып құтыла алмай отырмыз ғой, керісінше. Кеңес­тік заманның жүйесімен әлі жүрміз, бір ор­талыққа бағынып. Ал оның орнына әр баспаның өз бетімен нан тауып, нарық­та жұмыс істеуіне мүмкіндік берсе, әлдеқашан көш түзеліп кетер еді. Әрине, басында әлсіз баспалар біраз қиналады, тіпті тоқырауға да ұшырайды, бірақ солай қиындықты көре-көре шыңдалып, нарықты меңгерер еді.
Ал енді кітапханаларға қайта оралсақ, неге олар оңалмай тұр? Себебі олардың өз билігі өздерінде емес және қолдарында қаржы жоқ. Сол себепті олар өздеріне керек кітапты тікелей сатып ала алмайды. Егер өз қаржылары өздерінде болса, онда олар да жұрт сұрайтын кітаптарды сатып алар еді. Баспалардың арасынан да өздеріне керек кітаптарды қамтамасыз ете алатын баспаны таңдар еді де, сонымен келісіп, тығыз байланысты өздері орнатар еді. Ал қазір олар да, біз де байлаулымыз, басшылықтың тапсырған кітабын шығарамыз, ал ол кітапты халық оқи ма, оқымай ма — ешкім ескеріп отырған жоқ. Айталық, бір автордың кітабы қайта-қайта шығады да тұрады, оқылмай, дүкен сөрелерінде өтпей. Ал, керісінше, жұрт іздейтін кітаптарға тапсырыс берілмеген соң шықпайды. Осы енді ақылға сыйымды ма? Қағаз, бояу, соған кеткен еңбекке обал емес пе? Міне, сондықтан да мен бір жүйеге бағыну керек те емес, керісінше, дербестік керек дегенді құптаймын.
Кітапхана мен баспалар неге маманға зәру? Себебі онда жалақы аз, ешкімнің ол жерлерде жұмыс істегісі келмейді. Неге аз, өйткені олар бір жүйеге бағынады, нарыққа жұмыс істеп, мол табысқа кенеліп жатқан жоқ. Кітапханалардың қалқайып тұрғаны да — сол, қолында билігі мен қаржысы жоқ, қар­жысы болса, баспаларға өзі барар еді, со­лайша баспаларды да дамытар еді. Яғни бұдан шығатын қорытынды қандай, баспалар мен кітапханалардың өзіне дербес күн көруге жағдай жасау керек. «Ойбай, өліп қалады» деген түсініктен арылу керек. Қазақ тілі де, қазақ баспасөзі де өлмейді, уа­қыт­ша қиналуы мүмкін, бірақ бәсеке бо­лып, қайта ішінен мықтылары жеңіп шы­ғады. Міне, меніңше, баспалар мен кі­тап­ханаларды дамыту үшін осылай ету керек.

Түйін
Әлемдік кітап нарығында жағдай біздікінен мүлдем бөлек. Әдеби агенттер жұмыс істеп, кітапты bestseller қылуға деген белсенділік өте жоғары. Соның арқасында сұранысқа ие кітап жазған автор қаламақысына шырт түкіріп күн көріп, әлемге танылып та үлгереді. Бізге де осындай болуға қадам жасау керек секілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста