Әйелдерге 58 бен 63 жас аралығында зейнетке шығу бойынша таңдау берілуі керек пе?

Әйелдерге 58 бен 63 жас аралығында зейнетке шығу бойынша таңдау берілуі керек пе?

Зейнетақы жүйесі реформаланғаннан кейінгі 11 жылдағы тәжірибе айғақтап отырғандай, бізде еркектерге қарағанда әйелдердің жинақтаған орташа зейнетақы жинағы әлдеқайда төмен екен. Мәселен, егер 2009 жылдың қаңтар айындағы көрсеткіш бойынша, ер адамның орташа зейнет жинағы 171 мың теңгені құраса, ал әйелдердікі – 133 мың теңге. Яғни бұл арада 30 пайызға айырма бар. Мұны гендерлік теңсіздікке жатқызған баз бір мамандар, мүмкін әйелдерге 58 бен 63 жас аралығында зейнетке шығу бойынша таңдау беру керек шығар деген пікір білдіреді.

Ернар Әлжанов, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары
Иә

– Әйелдерге 58 бен 63 жас аралы­ғында зейнетке шығу бойынша таңдау берілуі керек. Нақтырақ айт­қанда, зей­нет жасынан кейін жұмыс істеймін де­ген­дерге шектеу қо­йылмайтындығы елі­міздегі жалпыға бірдей еңбек құқы­ғында нақты көрсетілген. Еңбек кодек­сінің 7-ба­бына сәйкес, қандай да бір бел­гісіне қарай, соның ішінде жасы мен жы­нысына қатысты кемсітуге жол беріл­мейді. Яғни бізде зейнетке шық­қан әйелге өзінің қызметін ары қарай жал­ғастыра беруге ешкім ты­йым сал­майды.
Иә, әйелдер еркектерге қара­ғанда орташа есеппен есептегенде, шынымен де аз жалақы алады. Сондықтан олар­дың зейнет жинағы да ер адамдардан төмен болып ке­леді. 
Осы жағынан алғанда, әйелдер үшін зейнет жасына жеткеннен кейін де қызметін жалғастырудың материалдық жағ­дайын жақсартуға кәдімгідей көмегі тиеді.
Заңда көрсетілгендей, зейнет жасына жету дегеніміз адамның еңбекке жа­рамсыздығын білдірмейді. Мұнда көр­сетілген жас тек зейнетақы төлемі жасалатын кезеңді айқындайды.
Сондай-ақ статистикаға сәйкес, еркекке қарағанда әйел адам өмір сүру деңгейі, денсаулығының төзімділігі жағынан мық­ты болып келеді. Сондықтан олардың қыз­метін жалғастыра беруге толықтай мүм­кіндігі бар деп есептеймін.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, зейнет жасына дейінгі және зейнетке шығу мерзіміне жеткен әйелдерге арнап еңбекпен қамту бойынша арнайы бағдарлама қабылдап, оларға құқықтық кеңес жағынан көмектесу қажет. Осы істі үкіметтік емес ұйымдар, әлеуметтік қорғау қызметтері мен ұйымдары белсенді түрде қолға алатын болса, зейнет жасына жеткен адамдардың ары қарай еңбекпен қамтылу мәселесін белгілі бір деңгейде шешуге болады деп ойлаймын.

Ерасыл Әбілқасымов, медицина ғылымының докторы, профессор
Жоқ

– Мен мұндай бастамаға түбе­гейлі қарсымын. Бізді дамыған шет мемлекеттермен салыстыруға мүлде келмейді. Мәселен, Жапония­да адамның орташа өмір сүру ұзақ­тығы 80-82 жас аралығын қамтыса, ал біздің еліміздегі бұл көрсеткіш не­бәрі 66-ны құрайды.
Адам ғұмыр бойы еңбек еткен­нен кейін, сол қиыншы­лығының жемісін көруге мүмкіндік беру қа­жет. Яғни бала-шағасының қызы­ғын көру үшін адам ұзақ жасауға ұмтылады. Сон­дықтан әр адам еңбек жылдарынан кейін өз орта­сында емен-жарқын жүруі үшін қарттыққа әзірленіп, денсаулығы­ның күтіміне түбегейлі бет бұруы қажет. Бұл – біріншіден.
Екіншіден, әйел адамның қазақ қоғамында рөлі орасан зор.
Әсіресе сырттан гөрі, үйдегісі. Оны еш­кім жоққа шығармайды. Халқымыз еж­елден ана деген ардақты атқа үл­кен ізетпен, құрметпен қараған. Ана – шаңы­рақ­тың шамшырағы. Сондықтан керісінше, әйелдердің зейнетке шығу мерзімін 58-ден 55-ке төмендету керек деп есептеймін.
Жалпы, дүниеге бала әкелу секілді табиғи процесс оңай дүние емес. Қалай дегенмен де, оның әйел ағзасына кері әсер ететін факторы болады. Сол себепті олар әбден шаршап-шалдыққанша еңбек етсін дегенге қарсымын. Оның орнына осыған дейін үйде бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген ана енді немере тәрбие­сін қолға алуға дайындалуы тиіс деп ойлаймын.
Зейнетке шыққан кез келген адам жылына кем дегенде бір рет емдік демалыс орындарына баруды әдетке айналдыруы тиіс. Өйткені тек жақсы күтім ғана адам өмірін ұзарта алады.
Ал зейнетақы көлемі бүгінгі елімізде бел­гіленген орташа жалақы көлемінің 70 па­йызын құрауы тиіс деп ойлаймын, яғни 65-70 мың теңге көлемінде. Сонда бұл қа­ражат ол адамның зейнет жасындағы қа­жетті деген сұраныстарын белгілі бір дең­гейде қанағаттандыруға жеткілікті болады.

Бейтарап пікір
Айдар Әлібаев,
Зейнетақы қорлары қауымдастығының төрағасы:
– Әйел адам 58 жаста зейнетке шыға ма, әлде осы шекті 63-ке ұзарта ма – оның маңызы жоқ. Меніңше, жұмыс істеймін деген кез келген адамға «сен зейнеткерсің» деп шектеу қоюға болмайды. Егер денсаулығы жақсы болып, еңбекке деген құлшынысы артып тұрса, мұндай тәжірибесі мен білігі мықты маман кез келген жұмыс орны үшін құнды болып табылады деп ойлаймын. Ал ол үшін арнайы заң шығарудың қажеті жоқ. Ол артықтау секілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста