Әдебиет мемлекеттік идеологияға қызмет етуі керек пе?

Әдебиет мемлекеттік идеологияға қызмет етуі керек пе?

Жазушының қаруы – қаламы. Бойындағы дарынын ұлтының мүддесіне жаратып, халықтың өз сөзін өзіне шекпен жауып қайтаратын қаламгерлер қашанда қоғамның қаймағы саналады. Ықылым заманнан сөз қадірін ұғынған қазақ үшін әдебиеттің қоғамдағы рөлі ең маңызды орын алады. Қай уақытта да билік пен халықтың арасында алтын көпір бола білген қаламгерлеріміздің дәл қазіргі кезде мемлекеттік идеологияға қызмет етуі қаншалықты қажет? Еркіндікті ту еткен егеменді елде әдебиеттің мемлекетке бағынышты болуы кімге пайдалы? Мүмкін, сөз өнерінің мемлекеттік саясаттан дербес болғаны, қаламгерлеріміздің билікке бағынышты болмағаны дұрыс шығар? Осы мәселеге келгенде, «әдебиетке ардың ісі» деп қарайтын қаламгерлеріміздің өзі не дейді екен?..

Сәбит ДОСАНОВ, жазушы:
Иә
– Әдебиет – идеологияның ең қуат­ты қаруы. Әдебиет мемлекеттік сая­сатқа қызмет еткенде билікті бір­ыңғай мақтауға тиіс емес. Жетіс­тігін де, кемшілігін де көрсете білуі керек. Мемлекеттік идеология, ең ал­ды­мен, халыққа қызмет етеді, ал әде­биет – халықтың игілігі. Егер жо­­ғар­ғы билік халыққа ұнамды, жа­ғымды қыз­мет етіп отырса, бұл әде­биетте кө­рініс табуы тиіс. Егер мем­лекеттік сая­сат өз үдесінен шы­ға алмай, ха­лыққа қызмет көр­се­ту­­де кемшіліктер жі­беріп жатса, әде­­биет оны да на­зардан тыс қал­дыр­­мағаны жөн. Бұл ретте көр­кем­сөз емес, көсемсөз алға шығады. Көр­­кемсөз елдің тарихын жазуда ма­ңызды орынға ие, ал көсемсөз же­ңіл артиллерия секілді алдыңғы шеп­те жүреді де, қажет жерде дөп ба­сып, халықтың сөзін сөйлеп отыра­ды. 
Меніңше, біздің еліміздің қаламгерлері көркемсөзде де, көсемсөзде де өз дәрежесінде белсенділік танытып жүр деп батыл айта аламын. Қазіргі кезде мем­лекеттік идеология жүз пайыз әдебиеттен көрініс тауып жүр деуге болмас, дегенмен белгілі бір дәрежеде белді-белді жазушы­ларымыз мерзімдік баспасөз беттерінде өздерінің публицистикалары арқылы, сөйлеген сөздері арқылы пікірлерін жет­кізіп жүр. Әрине, өткен ғасыр басындағы «Оян, қазақ!» деген Міржақып, Әлихан, Ахмет секілді Алаш арыстарындай үлкен белсенділік, ұлт үшін бәйгеге басын тігу байқалмайды. Кеңес заманында ком­мунистік идеология жазушыларды жақ­сылап пайдаланды. Сондықтан сөз өнері­нің өкілдеріне барынша жағдай жасалып, кітаптарын шығарды, кітаптары­ның тара­луын қамтамасыз етті, қаламақы төледі, яғни жазушы қауымын мемлекет идео­логиясының сөзін сөйлетуге тырысып бақты. Сондықтан ол замандағы жазушы­лардың басым бөлігі идеологияның сойылын соқты. Бірақ қылышынан қан тамған кеңес заманының өзінде көркемсөз шеберлерінің арасындағы үлкен таланттар идеологиядан ауытқып, халықтың сөзін сөйлеуге де тырысты. Туған халқының ба­сындағы қасіретті көріп, сезіне білген жазушылар халықтың рухын ояту үшін өз шығармаларын қару етті, айтар сөздерін астарлап жеткізді. Өйткені жазушы – ең алдымен халықтың адамы. Халықтың мұң-мұқтажын шығармаларына арқау еткен әдебиеттің көрнекті өкілдері Абай, Махамбетті айтпағанда, бертінде талай жастың ғұмырын қиған Желтоқсан көте­рілісіндегі ақиқатты алғашқы болып Жұбан Молдағалиев, Салық Зиманов секілді қайраткерлер қаймықпай айтты.Тағы бір мысал, кеңес үкіметі кезінде «Қазақ ұлтшылдығы» деген қаулы қабылданған болатын. Осы қаулыға қарсы шығып, басын бәйгеге тіккен қаламгеріміз Әзілхан Нұршайықов еді. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Қазіргі кезде мемлекет әдебиет өкілдеріне жағдай жасап отырған жоқ. Жазушыларымыз сұраншаққа айналды. Кітаптарын шығару үшін кім көрінгеннен көмек сұрайтын болды. Жазу­шыларының жағдайы нашар елдің идеологиясы да күшеймейді, халқы да алға баспайды. Сондықтан қазіргі таңда еліміздегі әдебиет пен өнерге қатысты үлкен бағдарлама керек.

Дидар АМАНТАЙ, жазушы:
Жоқ
– Әдебиет мемлекеттік идео­ло­гияға қызмет етпеуі тиіс. Әде­биеттің алға қойған өз ұлы мұраты бар. Сөз өнерінің асыл мұраты – гу­манизм, ізгілік, адами және ұлт­тық құнды­лық­тар, халықтың на­мы­сы мен мұң-мұқтажы. Сол се­кіл­ді мем­ле­кеттің де өзіндік жеке ба­ғыты бар. Ал мемлекеттік идео­ло­гия мен әде­биет­тің арасында бі­рін-бірі үйлес­тіре білетін сұхбат бо­луы керек. Әде­биеттің негізгі мүд­десі – жүрек­тің қылындай нәзік эсте­тика. Жазу­шы­ның мүддесі – өз шы­ғармасын не­ғұр­лым кемел, ше­бер жазып шы­ғуы. Яғни әдебиет, ең алдымен, әсем­дікке қызмет етуі ке­рек. Әсем­діктің ішіне шеберлік те, парасат та, ма­шық та кіреді. Әсем­дік форма жа­ғынан да, маз­мұн жағынан да кемел жетістікке жеткен әдеби шы­ғар­ма болып есептеледі. 
Әдебиет – әсемдікке құштарлық. Кешегі кеңес заманында мемлекет әдебиетті идеологияның басты қаруы етуге, жазушыны өзіне бағындыруға тырысты. Ал қазіргі егеменді елде әдебиетті мемлекеттік идеологияға бағындырудың қажеті жоқ. Егер әрбір мемлекет өз әдебиетінің жоғары дәрежеге жеткенін қалайтын болса, онда әдебиетке еркіндік берілуі тиіс. Яғни мемлекеттің әдебиетке ең үлкен қамқорлығы – ол еркіндік, әдебиеттің алғы шебінде жүрген таланттарға, жастарға деген қолдауы. Алайда мемлекеттің әдебиет өкілдеріне көрсеткен көмегі жазушыны ештеңеге міндеттемеуі тиіс. Жалпы, әлемдік әдебиеттегі жазушылар қауымы барлық адамзатқа ортақ заңдарға, өз елінің конституциясына бағынады. Қай елде болмасын, жеке жазушыларға арналған заңның қажеті жоқ. Яғни жазушы халықты арандататын, зорлық-зомбылыққа шақыратын, қылмысты насихаттайтын, басқа да заңға қайшы келетін тақырыптарға қалам тартпаса болғаны. Қаламгер әдебиетке не үшін келеді? Ол өзінің айтары бар болғандықтан әдебиетке келеді. Жазушы өзіне ұнайтын, талабын қанағаттандыратын дүниені жазуға тырысады. Егер жазушының шығармалары көпшіліктің көңілінен шығып, халықтың игілігіне айналып жатса, онда мұндай шығарма халықтық сипат алады. Алайда әрбір жазушы өзінің қаламынан шыққан дүниенің бәрін халықтық болуы керек деп ойлауы да дұрыс емес. Айталық, жылына пәленбай кітап жазылса, соның ішінде санаулысын халық жақсы қабылдауы мүмкін. Сондықтан әдебиеттің асыл мұраты, жазушының бірден-бір міндеті – форма жағынан әсем, мазмұн жағынан терең шығарма жазу. Меніңше, біздің мемлекетіміздің әдебиетке, қаламгерлерге қатысты қазіргі ұстанып отырған саясаты дұрыс. Қазіргі таңда мемлекет жазушылардың шығармашылығына аса араласпайды. Кейбір жағдайда мемлекет белгілі бір жазушыларға қол ұшын беріп жататын болар. Қаламгер шын дарын болса, мемлекетке қол жайып қарап отырмай, өз шығармасын оқырманға өткізе де білуі керек. Әзірге біздің жазушылармыздың өз шығармашылығы арқылы нәпақа табуы мүмкін болмай отыр. Бұған белгілі бір дәрежеде еліміздегі полиграфиялық нарықтың қалыптаспауы өз әсерін тигізуде.

Бейтарап пікір
Айгүл Кемелбаева, жазушы:
– Әдебиет, ең алдымен, құдайшылыққа, моральға қызмет етуі керек. Әдебиеттің өзінің функциялары бар ғой. Бұл жерде, меніңше, мемлекеттік идеология мен әдебиеттің мұратын шатастырмау керек. Егер мемлекеттік идеология дұрыс болса, онда әдебиет белгілі бір дәрежеде оған қызмет ете алады. Бірақ қазіргі таңда біздің еліміздегі мемлекеттік идеология онша жетіспейді. Қазақ мемлекетінің идеологиясы тек қазақтың мүддесін алға қоюы керек. Сонда барлық қаламгер жан-тәнімен ұлттық идеологияға қызмет етеді. Қазақ әдебиеті өзінің ұлттық мазмұны арқылы әлемдік әдебиетке шығады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста