Африкада саяхаттап жүрген жолаушылар машинасында бір топ адам жолбарысты тамашалап тұрса, арасынан бір бай адам шығып: "Кім жерге түсіп жолбарысқа жеткізбей бір айналып жүгіріп машинаға мінсе бір миллион доллар сыйлаймын, ал өліп кетсе бес миллион доллар төлеп берем" деп сөзін аяқтағанша бір еркек секіріп түсіпті. Жолбарыс тұра қуады, әлгі адам жан ұшыра жүгіріп, бір айналып келіп көлікке зорға үлгеріпті. Бай айтқан ақшасын беріпті. Көпшілік оның миллионер болғанын құттықтап жатса, әлгі жігіт қатты ашуланып "Жаңа мені машинадан кім итеріп жіберген" деп артына қараса, әйелі "мен" деп күліп тұр дейді. ))))
Жеңіске жеткен әр еркектің артында қолдаушы әйелі болады деген осы шығар)))
Ахмет Өмірзақ
Фейсбуктегі парақшасынан