"Қиындықтан шығудың жолы осы" десе амалсыздан сол жолды таңдайтынымыз бар. Тұрмыс ортағымен сан жылдан бері басы піспей жүрген бір таныс келіншек' оның жолын бақсы-балгер, тəуіптерден іздеп əлек. Пəлен жыл отасты. Өз жұбының мінезіне бір адамдай қанық болатын кезі жетті. Рас сонысымен бақытты болғысы келсе, соның ыңғайына қарай өмір сүру керек қой. Жоооо ол бəрін оп-оңай сүф-суфпен шеше салғысы келеді. Құмалақшының бəрі бірдей əйел емес. Арасында еркеккіндіктері де бар. Бұл барып əдеттегідей зар жылайды. Күйеуім ондай, күйеу мұндай- деп . Үш күн қабылдауыма келесің! - дейді əлгі тəуіп шал. Алғашқыда "дуаланғансың" деп қамшымен біраз сабап алыпты. Екінші күні артқы жағына отырып алып оқыпты.
- Ертең штан кимей кел. Бойыңдағы дуаны қуып шығамыз - депті.
Содан бұл аңқау емшіге кіретін кезде штанын сырқа шешіп кіріп кетеді.
Тəуіп шал:
– Көзіңді жұмып жат. Дуа шығару оңай емес. Көзіңе əр нəрсе елестейді. Мəн берме - дейді ғой. Содан бұл көзін жұмып жата береді. Ал əлгісі оқи бастайды. Молдекеңнің дауысы бəсеңдеп кеткен соң, бұған не болды? - деп көзін ашып қалса, әлгі тəуіп сымақ шал тыржалаңаштанып алған, төбесінен төніп келе жатыр дейді. Бұл орнынан тұрып, жан-жағына қарамай айқайлап қаша жөнеліпті ғой!.
Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан