ХОР-ХАТШЫ
Хатшы қыз табу деген оңай шаруа емес сияқты. Өзімізше “Секретарша” деп кіндіктен төмен ойларға балқып қалжыңдаймыз ғой. Бірақ Хатшы қызға талай зат байланысты. Хатшы қыз - жұмыстағы әйелің сияқты. Үйде негізгі Хатуның тілеулес болса, жұмыста арқа тіреп, тілеулес болатын да сол Хатшы қыз.
Хатшы қыз - бастықтың не ойлап отырғанын, бастықтың көңіл-күйін алдын ала болжап, қабақтан аңғара білу керек. Бастыққа не ұнайды, не ұнамайды, кофе яки шәй? Қанша қасық қант? Құжаттарды қалай беру? Қашан беру? Не айту, не айтпау. Проблеманы қалай жеткізу. Тұнып тұрған психо-майдан.
Сонымен қатар, маңызды фактордың бірі - сөз тасымау. Хатшы қыздың ауызына берік болуы - уәджиб. Үйде күйеуіне, сыртта құрбыларына жұмыста болғанды айтып қойып, өз кезегінде олар достарына айтып, сөйтіп сөз таралып кету қауіпі бар екенін ескеру керек.
Хатшы қыз неге сұлу болу керек? Һарами ой үшін емес. Көз - жүректің радары. Көз сұлулықты көрсе - көңіл-күй көтеріледі. Көңілді болу - денсаулыққа пайдалы. Денсаулығы мықты адам ұзақ өмір сүреді. Сұлу Хатшы қыз - еркек басшыны алға итермелейді. Күнде сұлу қызды көрген ер азамат одан ары лауазыммен көтерілгісі келіп, еңбек етеді. Тек еңбек арқылы ғана сұлу Хатшы қызға қол жеткізуге болады деген ой қалыптасу керек.
Сол енді. Хатшы қыз іздеп жүрген. Ешкімді таппағаннан үйдегі Хатунды ала саламын ғой деймін. Таңертең бірге барып, бірге қайтып. Рухтанбасаң да рухтандырады, жүрмесең де итереді. Үйде Хатуның ұрысса, жұмыста өшіңді аласың. Сол үйренген вариант дұрыс-ау. Көзім де күнделікті сұлулыққа үйренді.
Nordman самат Нұртаза