ДОС ...
Дәурен Айманбет ініміз былай депті:
Менде дос болған емес, болмас, бәлкім,
Жанымдағы жандар ма?
Жолдастар кіл!
Жолдас деген жолы бір адам ғана,
Жандары бір келеді, ал, достардың.
Жараланған жүрекке ем керекте,
Шырылдайсың "нөл" дейтін дөңгелекте.
Жақсылығыңды асырар жанды іздейсің,
Жамандығыңды асырар пенде көпте.
Бірі тиіп арқама көп таяқтың,
Мұң шағатын біреуді таппай-ақ бір,
"Тас-таяққа" бет алам "шардан" өш ап,
Сүңгіп сосын ішіне "сапты-аяқтың".
Аяқ шалар, көре алмас, іштарлары,
Асыруға қулығын құштар бәрі.
Дұшпандары мол болар досы жоқтың,
Досы көптің жоғындай дұшпандары.
Арам білмес шақтарда босаңдау-ек,
Ал, қазір ме, сақ болу - қашанғы әдет.
Сыр айтуға қорқасың кімге болсын,
Қысылтаяң шақтарда ашар ма деп.
Іні мыңдап, табылар аға жүздеп,
Жолын кейде достардың бағамыз кеп.
Қуанышта табылар, қиындықта, ал,
Адам іздеп қалмайық, адам іздеп.
Біз кіммен "дос" болмадық? Ойша тізім жасасам әлеуметтік, психологиялық ерекшеліктері әртүрлі, бірнеше категория бар екен. Ұлан Нүсіпәлі екеуміз әлі де атын айтуға болмайтын достар тауып, Жаңаөзеннің бір зонасының паханына тамак, 1,5 л судың бөтелкесіне арақ құйып алып кірдік ))) Олармен де "дос" болдық сосын. Екеуміздің үнемі пойызда кездесетін "общак" жинағыш та досымыз болды. Ол тек пойызда кездесетін... Қарын тоқ, қайғы жоқ, жүретінбіз. Ал, КНБ, полиция достар тіптен көп енді! Көбін жоғалтып алдық, біразы әлі де бар. Облыс, қала, аудан әкімдері де жетерлік екен. Өз әріптестеріміз, ақын- жазушылар, спортсмен, спиртсмен, бұрынғы, қазіргі депутаттар... Бірі жанын, бірі нанын бөліп бермесе де осылардың көпшілігімен сыйластық жарасты, көңілдерін қалдырмадық. Өнердің қай түрі болмасын "ДОС" көп болмайды. Жолдас, тілеулес, уақытша сырлас табылады үнемі.
"Өнерде дос болмайды!" - дегенді көп айтатынмын. Сөйтсем, мына шенеунік, депутат, әкім-сәкімдерің одан сорақы екен ғой! Соңғы күндері соған көзім жетіп жатыр. Төрдегі портрет өзгеріп еді, бірталайы жайнамазын күн көрінген жаққа бұрып, күнбағыс болды да қалды! О тоба!
Менің Бытшытбек деген кейіпкерімнің ғана достары адал ма деп отырмын қазір.
Түнде үйіне қонбай, таңда келген Бытшытбекке әйелі:
- Қайда жүрсің? - дегенде, Быкең саспастан:
- Бір досымның үйінде! - деген ғой. Әйелі ерінбей барлық достарына ызбандаған екен, алтауы:
-Біздің үйге қонды! - деп, төртеуі:
- Әлі ұйықтап жатыр - деп жауап беріпті!
Уот эта ДОС !!!
Асқар Наймантаев
Фейсбуктегі парақшасынан