Итемгенмен қосып жерлейін демесең, болды ғой енді...

Ауыл əңгімелері


Ауыл мешітіндегі қабір қазатын күректерді біреу алып, орнына ескі күректер қойып кетіпті. Мұны көрген Əзекең:
-Қай көріңде өкіргір алды екен,- десе, қасында тұрған Ерекең:
- Ой, өлім жұғысты болғыр,- депті. Кейін екеуі бір-біріне қарап, күлсе керек.
(Ары кетсе екі жылда сынып қалатын күрек үшін осындай қарғыс арқалаған кім болды екен?! Расында, мына күллі дүния байлықтарының сол күректен артық жері бар ма өзі?!).


*****
Жасы тоқсаннан асқан Əбдрахман ақсақал өзіне денсаулық тілеп үйіне іздей келгендерге:
- Менікі ауру емес, мен тоздым,- дейді екен. Əкем кəрілікті мойындағанды осы ақсақалдан көрдім деп отырады.


******
Итемген ақсақал қайтыс болып, оны жерлегеннен кейін молда қабір басында ұзағырақ Құран оқыпты. Аптап ыстықта адамдар қатты əбіржісе керек. Сонда Итемгеннің құрдасы Бəйтен ақсақал:
- Ей, енеңді ұрайын, Итемгенмен қосып жерлейін демесең, болды ғой енді,- деген екен.


******
Ауылда шахмат үйірмесін ашып, шəкірттері талай белестерді бағындырған Нышанбек ағамыз:
"Жеңіс шəкірттерімдікі, жеңіліс менікі" деді.

Абай Қалшабек

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста