Бір елде патша ауысқан ғой. Кеткен патша тақтан түсерінде жаңа патшаға:
- Қиналған кезіңде ашарсың - деп сырты нөмірленген үш конверт ұстатып кетіпті.
Жылдар өте халық өміріне наразы болып митингке шығыпты. Патша бірінші конвертті ашса, "Бар кінәні маған жаба бер" - деп жазған екен. Патша дәл солай істеп, бар кінәні бірінші патшаға жауыпты. Халық мына уәжге тоқтап, "жаңа патшаға уақыт берейік" - деп тарқасыпты.
Жылдар өте ештеңе өзгермеген соң, халық тағы көтеріліпті. Патша екінші конвертті ашыпты. Онда "Уәде бере бер, бере бер" деп жазылыпты. Халық сеніп, тарқапты.
Берген уәде орындалмаған соң, халық тағы көтеріліпті. Патша үшінші конвертті ашыпты. Сөйтсе ол конвертте "Орныңа адам тап та, осы үш конвертті ұстатып кет" - деп жазыпты.
Диірменнің тасындай, шыр айналған дүние-ай!
facebook.com