Аю орманға жұмысқа тұрмақ болыпты. Сөйтсе, қоянның орны бос екен. Амал жоқ орналасады. Аюдың жұмысын істеп, қоянның айлығын алып күнелтіп жатады. Сөйтіп жүргенде қоянның аю боп жұмыс істеп жүргенін естиді. Дау шығады. Кілең арыстандардан құралған комиссия келеді.
Қоянның құжатын тексереді. Аю деп жазылып тұрады. "Аюсың ба?" деп қояннан сұраса, "Иә, мен аюмын" дейді. Аю шыр-пыр болады. Аюды тексерсе, қағазда қоян деп тұр. Комиссия: "Аю, сенікі не дау? Құжатта бәрі дұрыс" депті. Сөйтсе, комиссия арыстандар боп ормандағы басшылық қызметте жүрген кілең есектер екен дейді.
facebook.com парақшасынан