Жүсіпбек Қорғасбек
Жүсіпбек Қорғасбек 1961 жылы 3 ақпанда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Әулиеағаш ауылында туған.
1984 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдаған. Сол жылы журналистік қызметті республикалық «Жас Алаш» (бұрынғы «Лениншіл жас») газетінде бастаған ол «Қазақ әдебиеті» газетіне ауысып, тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметін атқарды. «Қазақ әдебиеті», «Жас Алаш» газеттерінің Бас редакторы болды. Қазір Балалар мен жасөспірімдер басылымдарының «Жас өркен» ЖШС-нің бас директоры.
1985 жылы «Жалын» баспасынан «Көгілдір керуен» атты әңгімелер жинағы, 1995 жылы «Жансебіл» атты повестер мен әңгімелер топтамасы жарық көрді. «Жансебіл» кітабының негізінде түсірілген осы аттас көркемфильм киносценарийінің авторы.
2001 жылғы «Тарлан-Үміт» сыйлығының иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1998).