Жұматай Әлиұлы Әлиев
Жұматай Әлиұлы Әлиев 1952 жылы 20 маусымында Жамбыл облысында дүниеге келген. Ленинградтың мемлекеттік университетін, Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдаған, философ, экономист. Философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ӘҒА академигі, ХАА академигі.
Университетті бітіргеннен кейін Алматы мемлекеттік дәрігерлер институтында мұғалім болып еңбек еткен. 1977-1982 жылдары – ҚЛКЖО Алматы қалалық комитетінің нұсқаушысы, ҚЛКЖО Фрунзе аудандық комитетінің екінші хатшысы, ҚКП Алатау аудандық партия комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған. 1982-1983 жылдары – Алматы қалалық сүт зауытында аға технолог-инженер, бас инженердің орынбасары. 1983-1997 жылдары – Алматы сәулет және құрылыс институтында аға мұғалім, Алматы мал дәрігерлік институтының әлеуметтік-экономика пәндері кафедрасының меңгерушісі, ҚазМАУ гуманитарлық даярлау орталығы басшысы. 1997-2001 жылдары – Орталық-Азия университетінің ректоры, президенті. 2001-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халықтары Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары. 2008-2012 жж. – Орталық-Азия университетінің қамқоршы кеңесiнің төрағасы, профессор, «Тұрақты Қазақстан» қоғамдық қорының басшысы. 2012 жылғы 20 қаңтардан –Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжлісінің Депутаты.
III, II дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері.