Жұмабек Дүйсешұлы Бұсырманов 1950 жылы 27 қарашада Павлодар облысы Ертіс ауданында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Заң ғылымдары академиясының академигі.
1976-1978 және 1983-1992 жылдары - Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, доценті, проректоры. 1978-1983 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Философия және құқық институтының аспиранты. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер Кабинеті Аппараты саяси талдау бөлімінің кеңесшісі. 1994-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия хатшылығының хатшысы, меңгерушісі. 1998-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарған. 2002 жылдан Қазақ мемлекеттік заң университетінің мемлекет теориясы, тарих және құқық кафедрасының меңгерушісі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің деканы, Заң факультетінің мемлекет теориясы, тарих және құқық, конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2010-2012 жылдары - ҚР Әділет министрлігінің Заңнама институтының директоры. 2012 жылғы сәуірден бастап ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі жанындағы сарапшылар кеңесінің төрағасы.
80-нен астам ғылыми еңбегі бар. «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» медалдарымен марапатталған. 2009 жылғы «Ең үздік доцент» байқауының жеңімпазы, «Қазақстан Республикасының Құрметті білім беру қызметкері» төсбелгісінің иегері.
Жұмабек Дүйсешұлы Бұсырманов
Последние статьи автора