Жолдасбек Мүслімұлы Нүсенов
Жолдасбек Мүслімұлы Нүсенов 1966 жылы 9 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты, әділет полковнигі.
1990-1995 жылдары - Еңбекші ауданы прокуратурасының тергеушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы Прокуратурасының маңызды істер жөніндегі тергеушісі, аға тергеушісі. 1995-1996 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік тергеу комитеті басқармасы бастығының орынбасары, бөлім бастығы, аса маңызды істер жөніндегі тергеуші. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитеті төрағасы хатшылығының басшысы, көмекшісі. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас әскери прокурорының аға көмекшісі. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас әскери прокуратурасы Ұйымдастыру бөлімінің бастығы. 1999 жылы - Қазақстан Республикасы Ішкі әскері әскери прокуроры. 1999-2000 жылдары аралығында - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі. 2000-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасы хатшылығының меңгерушісі. 2005-2008 жылдары - Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы орталық аппаратының басшысы. 2008 жылдың желтоқсанынан бастап Халықаралық бизнес академиясының проректоры.
Медальдармен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарымен марапатталған.