Жауғашты Жоланұлы Нәбиев 1942 жылы 20 cәуірде Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтын инженер-электрик мамандығы бойынша тәмамдаған. «Қазақстан Коммерция» компаниясының Директорлар Кеңесінің төрағасы, «Қызылқоға ауданының құрметті азаматы».
Әр жылдары Қазақ КСР Жергілікті өнеркәсіп министрлігінің Бас басқармасының бастығы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің шетелдермен байланыс бөлімінің меңгерушісі, «Казатомпром» Ұлттық компаниясының бірінші вице-президенті қызметтерін атқарған Ж.Нәбиев республика көлеміндегі рухани, мәдени шараларға және ұлт мәдениетінің түрлі салаларына барынша қолдау көрсетіп келеді. Атап айтқанда, «Аралды құтқару», «Жас дарындарды шетелдерде оқыту», «Бөбек», «Абай», «Иман» қорына, Атырау облысының суға кеткен елдімекендеріне, Х.Досмұхамедовтің толық жинағын шығаруға, жазушылар М.Мәжитовтің, С.Әсіповтің, М.Айымбетовтің т.б. қаламгерлердің кітабын шығаруға, Х.Досмұхамедов қорына, Тобанияз Әлниязұлының, Қызылқоға ауданының мерейтойларына, Алаш арыстары қорына қолдау көрсеткен. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы Шаңырақ ықшам ауданында 2002 жылы ашылған Бекет-Ата мешітіне қомақты қаржы бөлген. 2008 жылы өзі туып өскен Сағыз ауылында өз қаржысына Абдолла хазірет мешітін тұрғызды.
Жауғашты Жоланұлы Нәбиев
Последние статьи автора