Зарема Кәукенқызы Шәукенова
Зарема Кәукенқызы Шәукенова 1965 жылы 29 қыркүйекте Шымкент қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Ленинградтың А.А. Жданов атындағы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Әлеуметтану ғылымының докторы (22.00.04), Профессор, Қазақстан Әлеуметтанушылары Қауымдастығының директоры, Қазақстан әлеуметтанушылары Академиясының Академигі.
Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазіргі заманғы Қазақстандағы этностардың әлеуметтік өзара әрекеттестігі» (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2003 ж.).
2008-2010 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әлеуметтану, психология және педагогика бойынша диссертациялық кеңестің төрайымы болды. Әлеуметтану ғылымының 1 докторын (Тынышбаева А.А.) және 3 кандидатын дайындады. 2011 жылдан бастап ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры.