Жанна Дачерқызы Егімбаева 1953 жылы 12 мамырда РКФСР Камчат облысы Карагин ауданы Ивашка ауылында дүниеге келген. Талдықорған заң техникумын (1980), С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1985) тәмамдаған, заңгер. 1971 жылдан - Семей тоқыма фабрикасының тігінші-мотористі, Жамбыл аудандық тұрмыстық комбинатының тігінші-моторисі. 1975 жылдан - Жамбыл аудандық соты кеңсесінің басшысы, Алматы облыстық соты сот отырысының хатшысы. 1981 жылдан - «Казглаввторресурсы» келісімдік-құқықтық басқармасының аға заң кеңесшісі, басшысы. 1988 жылдан - ҚазКСР Мемлекеттік жабдықтау комитетінің келісімдік-құқықтық басқарма басшысының орынбасары. 1991 жылдан - ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Министрлер кабинетінің бас сарапшысы, заң бөлімінің меңгерушісі. 1994 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің заң бөлімінің меңгерушісі. 2002-2011 жылдары - ҚР Премьер-Министр Кеңсесінің заң бөлімінің меңгерушісі. 2011 жылғы 26 мамырдан бастап ҚР Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары «Құрмет» орденімен (2008), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2003) марапатталған.
Жанна Дачерқызы Егімбаева
Последние статьи автора