Жания Жақияқызы Әубәкірова 1957 жылы 19 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Пианист, концертмейстер, педагог, Қазақстанның халық артисі (1991 ж.), профессор (1993 ж.). 1979 жылы Мәскеу консерваториясын, 1981 жылы профессор Л.Н. Власенконың класы бойынша аспирантурасын бітірген. 1979 жылы Қазақ академия опера және балет театрында концертмейстер. 1981-1993 жылдары Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) аға оқытушы, доцент, фортепьяно кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1993 жылдан професор 1997 жылдан осы қонсерваторияның ректоры. Жеке концерттік бағдарламасымен және камералық, симфониялық оркестрлермен бірге ТМД, Франция, Алмания, Ұлыбритания, Финляндия, Италия, Чех Республикасы, Болгария, Корея, Жапония елдерінде өнер көрсетті. М.Лонг және Ж.Тибо атындағы (Париж, 1983) және камералық ансамбльдер (Париж, 1985) халықаралық байқауларының жүлдегері. Қазақстан Комсомол сыйлығының лауреаты атанды (1982). 1998 жылы Францияның Өнер және әдебиет орденімен марапатталды. "Тарлан" сыйлығының иегері (2001 ж.) атанды, «Парасат» орденімен (2008 ж.) марапатталды.
Жания Жақияқызы Әубәкірова
Последние статьи автора