Жанғара Дәдебаев 1948 жылы 15 қарашада Жамбыл облысының Талас ауданында дүниеге келген. Тараз қаласындағы Абай атындағы педагогикалық училищені, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін, Педагогикалық шеберлікті арттыру институтын, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Біліктілікті арттыру факультетін бітірген. Ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Жоғары мектебі ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі.
1977 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтының (қазіргі Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясы) директоры болған. 1993-2001 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология факультетінің деканы, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2001 жылдан аталмыш университеттің оқу және әдістемелік істер жөніндегі проректоры болып істейді. Ғалымның 50-ден астам монографиясы, 200-ден астам оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрген. Ғалымның жетекшілігімен 100-ге жуық ғылым кандидаты мен 12 докторы диссертация қорғаған.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
Жанғара Дәдебаев
Последние статьи автора