Жанболат Жұмабайұлы Үмбетов 1961 жылы 7 маусымда Қостанай облысы Қарасу ауданының Қарасу ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Қостанай педагогикалық институтын «Тарих және педагогика» мамандығы бойынша, 2005 жылы М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік – экономикалық университетін «Ауыл шаруашылығын сертификаттау және стандартизациялау» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1986 жылы еңбек жолын ауылдық мектепте мұғалім болып бастап Қарасу ауданында мектеп директоры болып жұмыс істеді. 1992 жылы Науырзым ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды. 1999 жылы Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары лауазымына ауыстырылды. 2002 жылы Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы, содан соң Ішкі саясат департаментінің директоры болып тағайындалды. Жанболат Жұмабайұлы 2005 жылдан бастап Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасын басқарып келеді. Басшылық орындарда еңбек еткен жылдары өзін ұйымдастырушылық қабілеті, жоғары шығармашылық әлеуеті мол білімді, талантты басшы ретінде таныта білді.
Еңбектегі табыстары үшін «Ерең еңбегі үшін» медалімен, ҚР Конституциясы құрметіне «Конституцияға 10 жыл» медалімен, сондай-ақ Астананың 10 жылдығы құрметіне «Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталды.
Жанболат Жұмабайұлы Үмбетов
Последние статьи автора