Жанат Ахмади

Жанат Ахмади

 Жанат Ахмади 1943 жылы 15 қазанда Шығыс Түркістанның Құлжа губерниясы, қазіргі Іле Қазақ облысына қарасты Қорғас ауданында Үш Ақсу–Мазы деген жерде дүниеге келген. Құлжа қаласындағы 3 жылдық шаруа малдәрігерлік мектебі деп аталатын техникумның зоотехникалық бөлімін 1961 жылы тамамдайды. 1962 жылы атамекені – Қазақстанға келеді. ҚР Мемлекеттік Орталық Ұлттық мұрағатында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болып қызмет істеген. 1995 жылдан бері таза шығармашылықпен айналысады.
2006 жылы Шығыс Түркістан, Үрімші қаласы «Жас өрендер» баспасынан араб әрпімен «Есенгелді би» тарихи романы, 2008 жылы «Кітап» баспасынан «Жарылғап би» тарихи романы, 2009 жылы «Кітап» баспасынан «Қарадан туған хан Нұрабай» тарихи романы, «Адемпринт» баспасынан «Уақыт ырғағы» атты рецензия, әдеби сын мақалалар кітабы жарық көрген.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
Шығармалары: Дүрбелең. Тарихи роман. А., «Жазушы», 1990; Шырғалаң. Романдилогияның екінші кітабы. А., «Жазушы», 1997; Жүрек қартайса, ажал аңду салады. Этнографиялық көркем әңгімелер жинағы. А., «Қайнар», 2000; Зарзарауха. Хикаяттар, әңгімелер жинағы. А., «Өркен»; Өмір өткелі. Хикаят-эссе. А., «Құс жолы», 2002; Есенгелді би. Роман. А., «Ана тілі», 2004.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста