Жанай Сейітжанұлы Омаров 1955 жылы 27 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Философия ғылымдарының кандидаты, доцент. 1977 жылы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, 1980 жылы ММУ-нің аспирантурасын бітірген.
1980-1986 жылдары - ҚазПТИ-дың оқытушысы, аға оқытушысы, доценті. 1986-1989 жылдары - ҚазМУ жанындағы Қоғамдық ғылымдар оқытушыларының біліктілігін көтеру институтының кафедра меңгерушісі. 1989-1991 жж. - Халыққа білім беру министрлігінің Қоғамдық ғылымдарды
оқыту басты басқармасының басшысы. 1991-1993 жылдары – ҚазМУ-дың біліктілікті көтеру институтының ғылым жұмысы бойынша директордың орынбасары. 1993-1997 жылдары - «Трейдинг Сервис», «Емшан» АҚ-ның бас директоры. 1998 жылы - Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы. 1998-1999 жылдары - «Имидж-Успех» ақпараттық-талдау орталығының бас директоры. 1998-1999 жылдары - ҚР Президентіне үміткер Н.Ә. Назарбаевты қолдау қоғамдық штабының үгіт-насихат тобының жетекшісі - Баспасөз хатшысы, «Отан» партиясы төрағасының орынбасары. 1999-2001 жылдары - Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің директоры. 2001-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы. 2004 жылы - ҚР Президенті Әкімшілігі Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі, қоғаммен және баспасөзбен байланыс бөлімінің меңгерушісі. 2004-2007 жылдары - «Қазақпарат» ҰК» АҚ президенті. 2007-2008 жылдары - «Қазақстан Тудэй» агенттігі» АҚ баспа үйінің бас директоры, «Караван» газетінің бас редакторы. 2008-2011 жылдары - «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы. 2011-2014 жылдары - «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы. 2014 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі болды. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап «НҰР-Медиа» ЖШС-нің бас директоры. Қазақстан журналистика академиясының академигі.
«Құрмет» (2004 ж.) және «Парасат» (2011 ж.) ордендерімен, медальдармен марапатталған, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтан бірнеше рет алғыс хат алған.
Жанай Сейітжанұлы Омаров
Последние статьи автора