Жалғасбек Маратұлы Сүлейменов 1959 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің экономика факультеттерін бітірген. Еңбек жолын Торғай облыстық «Торғай таңы» газетінде тілші болып бастаған ол Амангелді аудандық «Тың шұғыласы» газетінде бөлім меңгерушісі, Амангелді аудандық комсомол комитетінің екінші, бірінші хатшысы, «Қарасу» совхозы парткомының хатшысы, аудандық «Тың шұғыласы» газетінің редакторы, Торғай обкомы бірінші хатшысының, халық депутаттары облыстық кеңесі төрағасының көмекшісі, облыстық телерадиокомпания төрағасының орынбасары, облыс әкімшілігі баспасөз қызметінің жетекшісі, облыстық «Торғай таңы» газетінің бас редакторы, Астана қаласындағы «Әлем» республикалық баспасының директоры, Қызылорда облысы Сырдария ауданы «Агрофирма Шаған» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстық филиалдарының директоры қызметтерін атқарған. 2013 жылы 15 шілдеде Көкшетау қалалық «Көкшетау» газетінің бас редакторы болып тағайындалды.
Жалғасбек Маратұлы Сүлейменов
Последние статьи автора