Халел Закарияұлы Бәкенов
Халел Закарияұлы Бәкенов 1946 жылы 22 тамызда Ақмола (қазіргі Астана) қаласында дүниеге келген. Леннинград инженерлік-құрылыс институтын тәмамдаған. Техника ғылымдарының кандидаты, Петров ғылым және өнер академиясының мүшесі.
Қарағанды политехникалық институтында ассистент болды. 1969-1976 жылдары - Леннинград инженерлік-қүрылыс институтында кіші ғылыми қызметкер, аспирант болды. 1976-1993 жылдары - Ленинград құрылыс институтында, Санкт-Петербор сәулет-құрылыс университетінде кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер. 1993 жылдан - ҚР Жоғарғы Кеңесінің, Парламентінің ТМД Парламентаралық ассамблеясындағы өкілі, 1995 жылдың ақпанынан - ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесі бас хатшысының орынбасары, 1996 жылғы мамырдан ҚР Парламентінің Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Парламентаралық комитетіндегі өкілі. Қазақстан геотехникалық қауымдастығының вице-президенті, Санкт-Петербор мен Ленинград облысы Қазақ қоғамының президенті.
2-дәрежелі «Достық» орденімен, ТМД Парламентаралық ассамблеясының және Кеден одағы мемлекеттерінің Парламентаралық комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 120-дан астам ғылыми жұмыстардың авторы.