Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин

Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин

 Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин 1947 жылы 14 қазанда Атырау облысы Ембі ауданы Қосшағыл кентінде дүниеге келген. 1970 жылы И.М. Губкин атындағы мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Мұнай мен газ кеніштерін игерудің кешенді механизациясы және технологиясы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Техника ғылымының кандидаты (Уфа мұнай институты, 1985 ж). «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» кафедрасы бойынша академиялық профессор (Атырау мұнай және газ институты, 2001 ж). ҚазҰТУ-дың құрметті профессоры (Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2004 ж). «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академияның академигі (ҚР ҰИА, 2004 ж). 40-тан астам мақала, кітап, 5 өнертапқыштық жаңалықтың авторы. Қазақстанның Еңбек Ері.
3-дәрежелі «Барыс» орденімен (2005 ж.), «Құрмет» орденімен (2000 ж.), «Отличник разведки недр СССР» белгісімен (1988 ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен (2005 ж.), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен (2006 ж.), «Лидер российской экономики» орденімен (2005 ж.), Қазақстан Республикасы жер қойнауынның құрметті барлаушысы» (2003 ж.) атағымен марапатталған.
1973 жылы «Қазмұнайгазбарлау» басқармасы Оңтүстік Ембі мұнай-газ барлау экспедициясының инженер-технологы (Атырау облысы). 1974 жылы Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институтының шайылмалы ерітінділер бұрғылау технологиясы зертханасының меңгерушісі (Атырау облысы). 1981 жылы Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (Атырау облысы). 1988 жылы «Каспиймаңыгеология» Бас аумақтық басқармасы тереңдей бұрғылау басқармасының бастығы (Орал қ.). 1990 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Гурьев филиалының кафедра меңгерушісі (Атырау қ.). 1991 жылы ҚР Президенті Аппаратының және ҚР Министрлер кабинетінің өнеркәсіп бөлімінің аға референті (Алматы қ.). 1992 жылы ҚР Энергетика және отын ресурстары министрлігінің мұнай және газ бас басқармасының бастығы. 1994 жылы ҚР Энергетика және отын ресурстары министрінің, ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары. 1997 жылы «Қазақойл» ҰМК бірінші вице-президенті (Алматы қ.). 2000 жылы «ҚазТрансГаз» ЖАҚ-ның президенті (Астана қ.). 2001 жылы ҚР Энергетика және минаралды ресурстар вице-министрі (Алматы қ.). 2003 жылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті (Алматы қ.). 2008 жылы «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-ның бас директоры. 2013-2014 жылдары ҚР Мұнай және газ министрі. 2014 жылдың тамыз айында ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста