Ұлан Сапарұлы Байжанов
Ұлан Сапарұлы Байжанов 1958 жылы 9 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.
1987-1991 жылдары Алматы қалалық атқару комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі. 1991-1995 жылдары - Алматы қалалық әділет басқармасының бастығы. 1995-1997 жылдары - «Алматы - Заң» құқықтық орталығының бас директоры. 1997-1999 жылдары - «Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамының вице-президенті - атқарушы директоры. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс вице-министрі. 2003 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі атқарушы директоры, «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы» жабық акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары, «Мұнайконсалтинг» жабық акционерлік қоғамының президенті, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы президентінің аппарат басшысы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, «Тау-Кен Самұрық» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болған. 2011 жылғы қаңтардан – 2012 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Бас прокуратурасы аппаратының жетекшісі болды.
Медальмен және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.