Уәлихан Сиянбекұлы Қоңырбаев
Уәлихан Сиянбекұлы Қоңырбаев 1945 жылы 9 қарашада Ақмола облысы Зеренді ауданының Зеренді ауылында дүниеге келген. 1969 жылы Қарағанды политехникалық институтын автомобиль көлігінің инженер-механигі мамандығы бойынша, 1979 жылы Алматы жоғарғы партия мектебін саясаттанушы мамандығы бойынша, 1987 жылы КСРО МҚК жоғарғы мектебі жанындағы КСРО МҚК органдары жетекші құрамында дайындық курсын (Мәскеу қаласы) бітірген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры (2004 жылдан). «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2006 жылдан).
1969 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте, взвод командирі, кавказдық әскери округтың дербес инженер-саперлік батальонының инженерлік қызметінің бастығы. 1971 жылдан - Көкшетау қаласы №4 автомекемесінің НОТ жоспарлары бойынша инженер. 1973 жылдан - Көкшетау облысы автокөлік жұмысшылары кәсіподағы облыстық комитетінің хатшысы. 1975 жылдан - Көкшетау облыстық компартиясы ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы. 1977 жылдан - Алматы жоғары партия мектебінің тыңдаушысы. 1979 жылдан - Семей облыстық партия комитеті өндірістік-көлік бөлімінің меңгерушісі, бірінші хатшының көмекшісі. 1982 жылдан - Семей қаласы Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1985 жылдан - КСРО МҚК жоғарғы мектебі жанындағы КСРО МҚК органдары жетекші құрамында дайындық курстарының тыңдаушысы. 1987 жылдан - ҚР ҰҚК органдарында қызмет еткен. 1992 жылдан - ҚР СІМ жанындағы дипломатиялық өкілдермен жұмыс департаментінің бастығы. 1997 жылдан - Монғолиядағы ҚР істері бойынша уақытша сенімді өкілі. 1999 жылдан - ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры. 2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. Дипломатиялық рангі - 2-санаттағы төтенше және өкілетті Елші. Шетелдердегі отандастардың мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссияның мүшесі; «Алтын Бесік», «Дипломатия жаршысы» («Дипломатический курьер») журналдары редакциялық алқасының мүшесі. 10 медалмен, оның ішінде «Ерен еңбегі үшін» (2003) және басқа да медальдармен марапатталған.