Уәли Бисақанұлы Еламанов
Уәли Бисақанұлы Еламанов 1952 жылы 15 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Бударин ауылында дүниеге келген. Әскери қайраткер, генерал-майор. Рязань жоғары әуе десанты командалық училищесін бітіргеннен кейін, 1974-1982 жылдары әуе десанты бөлімдерінде взвод командирі, рота командирінің орынбасары, рота командирі, батальон командирінің орынбасары болды. 1982-1985 жылдары Мәскеудегі Әскери академияда оқыды. 1985-1996 жылдары полк командирінің орынбасары, дивизия штабы бастығының орынбасары, айрықша гвардиялық әуе десанты бригадасының командирі, 1996-1999 жылдары мотоатқыштар әскерлері оқу-жаттығу орталығының бастығы, армиялық корпустың командирі қызметтерін атқарды. 1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы мақсаттағы күштері қолбасшысының бірінші орынбасары, бас штаб бастығы қызметінде болды.