Тынышбай Досымбекұлы Досымбеков 1952 жылы 20 қаңтарда Алматы облысы Балқаш ауданы Бақбақты ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Алматы зооветеринариялық институтын зооинженер мамандығы бойынша тәмамдады. 1970-1972 жылдары әскер қатарында болды. Еңбек жолын 1972 жылы совхозда көлік жүргізушісі болып бастаған. 1979-1991 жылдары Балқаш ауданы Бақанас совхозында техник, ферманың аға зоотехнигі, бас зоотехнигі, совхоз директоры. 1992-1997 жылдары Балқаш ауданының әкімі. 1997-1998 жылдары Алматы облысы ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары. 1998-2005 жылдары Кербұлақ ауданының әкімі. 2005-2006 жылдары «KazBestProduct» АҚ бас директорының орынбасары. 2006 жылдың наурыз-қазан айларында Көксу ауданынның әкімінің орынбасары, 2006-2007 жылдары әкімі болып қызмет атқарған. 2008 жылдың қаңтарында Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.
Бірнеше медальмен марапатталған, Кербұлақ ауданының, Алматы облысының құрметті азаматы.