Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай

Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай 1951 жылы 15 тамызда Семей (қазiргi Шығыс Қазақстан) облысы Абай ауданының Шаған ауылында дүниеге келген. 1969–1974 жылдары қазiргi әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiнiң журналистика факультетiнде оқыды. Жазушы, филология ғылымының докторы, Халықаралық «Алаш», Ілияс Жансүгіров атындағы әдеби сыйлықтарының лауреаты.
1974–1976 жылдары Алматы облыстық «Жетiсу» газетiнде тілші, 1976–1980 жылдары «Бiлiм және еңбек» (қазiргi «Зерде») журналының әдеби қызметкерi, редакция меңгерушiсi, 1980–1990 жылдары «Жұлдыз» журналының әдеби сын, проза, поэзия, очерк және публицистика бөлiмдерiнiң меңгерушiсi қызметтерiн атқарды. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының М.Әуезов мұраларын зерттеу бөлiмiнiң (мұражай үйiнiң) аға ғылыми қызметкерi (1990–1992), бөлiм (мұражай) меңгерушiсi (1992–1996), ҚР ҰҒ-Аның «М.Әуезов үйi» Ғылыми-мәдени орталығының директоры (1996–1998), Әдебиет және өнер институтының докторанты, аға ғылыми қызметкерi (1998–2001).
«Замандасым, сырласым» (1976), «Қоңыр қаз» (1978), «Жүрегiмде жұмыр жер» (1980), «Бесқарагер» (1982), «Дара тұлға» (1984), «Жер – бесiк» (1985), «Бабочка под снегом» (орыс тiлiнде, 1990), «Талант Калибека» (1992, орыс тiлiнде), «Болашақтың бәйтерегі» (2007) атты көркем шығармалардың авторы. Бұл туындылар қаламгердiң өзiндiк жазу мәнерi мен философиялық-лирикалық сыйпаты арқылы ерекшеленедi. «Бейуақ» (1990), «Дулыға» (1–2 кiтап, 1994), «Кетбұға» (1996), «Бесiгiңдi түзе!», «Талқы» (1997), «Мухтар Омарханович Ауэзов» (түрiк, орыс тiлдерiнде, Анкара,1997), «Күйесiң, жүрек…сүйесiң!» (2001), «Бесігіңді аяла!» (2002), «Құнанбай» (2004), «Сүре сөз» (2005), «Дулыға» (қайта басылымы, 2007), «Ұраным – Алаш!..» (2007) атты деректi ғылыми-зерттеу кiтаптары шықты.
Тұрсын Жұртбайдың ғылыми жетекшiлiгiмен «М.О.Әуезовтiң өмiрi мен шығармашылық шежiресi» (1997, 64 б.т.), «Мұхтар Әуезов туралы естелiктер» (1997), «Әуезов әлемi» (1997), «Абай жолы» роман-эпопеясының ғылыми-текстологиялық салыстырудан өткен басылымы (1997), М.О.Әуезов шығармаларының елу томдық толық жинағының 17 томдары (1997–2001), М.Әуезовтiң «Ескермедiм, қабылдамадым…» (1998) атты ашық хаттар жинағы жарық көрдi және оның қатысуымен «Мұхтар Әуезов» энциклопедиясы дайындалды.
1990 жылдан бастап Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетiнде, әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттiк қызмет Академиясында, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде абайтану, әуезовтану, жазушының шығармашылық психологиясы, Еуразия романдары, Еуразия романдарының типологиясы, халық ауыз әдебиеті – тарихи дерек көзі ретінде, әдебиеттанудың өзекті мәселелері, туындыны ғылыми талдау, сөз мәдениетi (саяси шешендiк) бойынша арнайы курстардан дәрiс бередi. 2006 жылы ақпан-шілде айлары аралығында Қытай Халық Республикасының Орталық мемлекеттік Ұлттар университетінде (Пекин қаласында) профессор ретінде қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихы, бүгінгі қазақ әдебиеті, абайтану, әуезовтану пәндері бойынша дәріс берді.
«Бейуақ» монографиясының негiзiнде кандидаттық (1992), «Бесiгiңдi түзе» зерттеу кiтабы негiзiнде докторлық (2000) диссертациялар қорғады. 2002 жылы профессор ғылыми атағы берілді.
Көркем шығармалары мен зерттеу еңбектері әлемнiң 15 тiлiне, ал ғылыми еңбектерi ЮНЕСКО-ның ресми тiлдерiне аударылған. М.Икбалдың, С.Тогэнің, Л.Шералидің, В.Шефнердің, Р.Рождественскийдің, С.Қапаевтің және т.б. өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Қазақстан Жазушылар одағының Ш.Құдайбердiұлы атындағы «Алаш» және I.Жансүгiров атындағы әдеби сыйлықтардың лауреаты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста