Тұрлыбек Өтешұлы Ысқақов 1948 жылы 25 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ химия-технология институтын бітірген. Техника ғылымының докторы, профессор, ҚР Инженерлік академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі.
1983-1988 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты Қызылорда филиалының оқытушысы, деканы. 1991-1998 жылдары - «Кристалл» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, 1998-2001 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облыстық индустрия және энергетика департаментінің бастығы. 2001 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қоғамдық-экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры қызметін атқарған.
Тұрлыбек Өтешұлы Ысқақов
Последние статьи автора