Тұрар Ахметұлы Алтынбеков
Тұрар Ахметұлы Алтынбеков 1951 жылы 16 ақпанда Жезқазған облысы Ағадыр ауданының Успен ауылында дүниеге келген.
Қарағанды кооперативтік институтын бітірген (1974), экономист.
1968 жылдың шілдесінен - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының «Успен» кеңшарында жұмысшы. 1968 жылдың қазанынан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Успен ауылының 178-МПТУ оқушысы. 1969 жылдан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы «Успен» кеңшарының тракторшысы. 1970 жылдан - Қарағанды кооперативтік институтының студенті. 1974 жылдан - Шет аудандық тұтыну одағының бухгалтер-тексерушісі (Ақсу-Аюлы ауылы). 1975 жылдан - Жезқазған облысы Ағадыр аудандық еңбекші депутаттар кеңесінің атқару комитетінде ауыл шаруашылық басқармасының аға экономисі. 1980 жылдан - ҚазКСР Ауыл шаруашылық министрлігінің Жезқазған облысы бойынша Ағадыр ақпараттық-диспетчерлік тобының меңгерушісі. 1982 жылдан - Қазақстан Компартиясының Ағадыр аудандық комитетінде нұсқаушы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1987 жылдан - Қазақстан Компартиясы Жезқазған облыстық комитетінің нұсқаушысы, бөлімнің жауапты ұйымдастырушысы (Жезқазған). 1991 жылдан - Жезқазған облыстық Халық депутаттары кеңесінің аппаратында бөлім меңгерушісі (Жезқазған). 1992 жылдан - Жезқазған облыстық ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары - бөлім бастығы, басқарма бастығының бірінші орынбасары. 1995жылдан - Жезқазған облыстық ауыл шаруашылығы және астық ресурстары департаменті бастығының орынбасары. 1997 жылдан - Қарағанды облыстық ауыл шаруашылық департаментінің маркетинг бөлімінің бастығы, департамент бастығының орынбасары, департамент бастығының міндетін атқарушы. 2002 жылдан - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің орынбасары. 2004 жылдан - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімі. 2010 жылдың тамызынан бері - Қарағанды облыстық Жер қатынастары басқармасының бастығы.
4 медальмен, оның ішінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.