Тұяқберді Қажыгерейұлы Шәмелов 1951 жылы 6 қыркүйекте 1951 жылы Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы Саралжын ауылында дүниеге келген. Алматы консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) тәмамдаған. Домбырашы, күйші, Қазақстанның халық әртісі, Құрманғазы атындағы I республикалық орындаушылар байқауының лауреаты. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі.
1970 жылдан Қазақ академиялық халық аспаптары оркестрі құрамында домбырашы, концертмейстер және жеке орындаушы ретінде қызмет етті.
Оның орындаушылық репертуарында қазақ халық композиторларының (Абыл, Дәулеткерей, Дина, Құрманғазы, Мәмен, Сейтек, Тәттімбет, т.б.) күйлері мол. Ол бірнеше ән-күйлердің авторы. Гастрольдік сапармен шет елдерде (Ауғанстан, Италия, Корея, Қытай, Португалия, т.б.) болып өнер көрсетті.
Тұяқберді Қажыгерейұлы Шәмелов
Последние статьи автора