Тортай Сәдуақас 1954 жылы 20 сәуірде Көкшетау облысы, Шучье ауданының Кіндікқарағай ауылында дүниеге келген. Қарағанды университетінің филология факультетін тамамдаған (1977). 1979–1995 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, ПремьерМинистр Кеңсесінің Үкіметтік басылымдар редакциясында сарапшы қызметтерін атқарған. «Тұңғыш» (1978), «Жартастағы жаңғырық» (1981), «Жұмбақтас» (1982), «Биші қайыңдар» (1986), «Айнакөл айшықтары» (1989) жыр жинақтарының, тарихи-танымдық «Назарбай би және туған өлке тарихы» (2000), «Ел мен жер» (2003), «Астана аймағы» (2008) кітаптарының авторы.
Украин жазушылары И.Франко мен И.Драчтың, белорус Я.Коластың, корей Мен Дон Уктың, молдован Г.Блэнарудың, югослав Дж. Катичтың және монғол ақындарының шығармаларын, сондай-ақ Ю.Поройковтың «Қас қағым сәт» атты кітабын тәржімалаған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.
Тортай Сәдуақас
Последние статьи автора