Тоқтасын Ерубаев Кенжеқанұлы
Тоқтасын Ерубаев Кенжеқанұлы - 1963 жылы 29 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының қарашілік ауылында туған.
Хронологиясы
Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының гигиена, санитария және эпидемиология факультетін (1986) санитарлық дәрігер мамандығы бойынша;
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің әлеуметтік салалардағы экономика факультетін (2002) экономист-заңгер мамандығы бойынша бітірген.
1986 жылдан - ШҚО ¥лан аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының эпидемиолог-дәрігері.
1989 жылдың тамызынан - Семей облыстық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының санитарлық дәрігері,
1989 жылдың қарашасынан - коммуналдық гигиена бөлімінің меңгерушісі,
1990 жылдан - эпидемиолог-дәрігері,
1992 жылдан - эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі,
1996 жылдан- бас дәрігердің орынбасары.
1997 жылдың маусымынан - Шығыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиолог-дәрігері,
1997 жылдың шілдесінен - эпидемиология бөлімінің меңгерушісі,
1999 жылдан - бастығының орынбасары,
2001 жылдың сәуірінен - бастық орынбасарының м.а.,
2001 жылдың шілдесінен - бастығының орынбасары.
2003 жылдан - Өскемен қ. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы.
2005 жылдан - ШҚО Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті директорының орынбасары.
2008 жылдың маусымынан - ШҚО Мемлекеттік эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары.
2008 жылдың қазанынан - ШҚО Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы.
2009 жылдан бері - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ШҚО бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті департаментінің директоры.