Төлеутай Ысқақұлы Сүлейменов
Төлеутай Ысқақұлы Сүлейменов 1941 жылы 1 қазанда Семей қаласында дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтын, КСРО СІМ Дипломатиялық академиясын тәмамдаған. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, саясаттану ғылымының докторы.
1971-1977 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Теміртау қалалық комитетінің бірінші хатшысы, қалалық бақылау комитетінің төрағасы, қалалық партия комитетінің екінші хатшысы. 1980-1981 жылдары - КСРО СІМ Орта Шығыс елдері бөлімінің бірінші хатшысы. 1981-1985 жылдары - КСРО-ның Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласындағы Бас өкілдігінің (консульство) консулы. 1985-1988 жылдары - КСРО СІМ Орта Шығыс елдері бөлімінің кеңесшісі. 1988-1991 жылдары - КСРО-ның Ирандағы Елшілігінің кеңесшісі. 1991-1994 жылдары - ҚР Сыртқы істер министрі. 1994-1996 жылдары - ҚР-ның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 1996-2001 жылдары - ҚР-ның Венгриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР-ның Польша, Болгария, Чехия, Словакия және Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. 2001-2003 жылдары - ҚР-ның Бельгиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР-ның Люксембург Ұлы герцогтығындағы, Нидерланды Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі және ҚР-ның Еуропалық Одақ және Солтүстік-Атлантикалық шарт ұйымы жанындағы өкілдігі басшысы қызметін қоса атқарушы. 2003-2005 жылдары - ҚР-ның Польшадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 20005 жылдан бастап - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Дипломатия институтының директоры болды.
«Құрмет белгісі», Құрмет, Венгрияның Орта Крест, Словакияның Қос крестің ақ орденімен және медальдармен марапатталған.