Төлеғұл Ғосман Төлеғұлұлы
Ғосман Төлеғұлұлы Төлеғұл 1950 жылы 19 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Әлжан ауылында дүниеге келген. Журналист, жазушы-аудармашы, қоғам және мәдениет қайраткері. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Ауыл шаруашылығы техникумын (1975), КазМУ-ды (1983) бітірген. Еңбек жолын 1968 жылы трактор жүргізушісі, байланыс монтері болып бастаған. М.Мағауиннің, Д.Досжанның, С.Әбдірахмановтың, тағы да басқа жазушылардың кітаптарын орыс тіліне, көптеген әлем философтары мен саясаткерлерінің еңбектерін қазақ тіліне аударған. «Қазақ тілінің жанашыры» белгісімен, медальдармен, ҚР Президентінің, Мәдениет және ақпарат институтының, Тіл комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
2004 жылдан бері - Ақмола облыстық Тілдерді дамыту басқармасының бастығы. «Мәдениет қайраткері» белгісімен (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің құрмет грамотасымен (2000) марапатталған.