Төлеген Қабыкенұлы Закариянов
Төлеген Қабыкенұлы Закариянов 1961 жылы 27 қыркүйекте Астана қаласында дүниеге келген. 1983 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттiк университетiн «құқықтану» мамандығы бойынша, 2006 жылы С.Сейфуллин атындағы қазақ мемлекеттiк агротехникалық университетiн «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымының кандидаты.
Еңбек жолын 1983 жылы Целиноград облыстық халық депутаттары Кеңесi атқарушы комитетi iшкi iстер басқармасының Совет АIIБ тергеушiсi болып бастады. Көкшетау облыстық халық депутаттары Кеңесi атқарушы комитетi iшкi iстер басқармасының аса маңызды iстер жөнiндегi тергеушiсi, аға тергеушi, Көкшетау қаласы прокуратурасының аға тергеушiсi, прокурорының көмекшiсi болып жұмыс iстедi. 1991–2002 жылдары коммерциялық бөлiмшелерде басшылық лауазымдар атқарды. 2002–2007 жылдары – Солтүстiк Қазақстан облысы Тимиряз ауданының әкiмi. 2007–2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк инспекторы. 2008–2010 жылдары – Павлодар облысы әкiмiнiң орынбасары, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi өңiрлiк дамыту Комитетi төрағасының орынбасары. 2010–2012 жылдары –«Москворецкое» ЖШС бас директоры лауазымын атқарды. 2013 жылдан бастап осы уақытқа дейiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi бiрiншi орынбасарының кеңесшiсi болды. 2013 жылы 6 мамырда Петропавл қаласының әкiмi болып тағайындалды.
«Ерен еңбегi үшiн» медалiмен марапатталған.