Талғат Қарекеұлы Ибрай 1976 жылы 29 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Рейн-Вестфалия техникалық жоғары мектебін (Германия) тәмамдаған.
1996-1998 жылдары -«31 канал Телерадиокомпаниясы» акционерлік қоғамында жұмыс істеп, 1998-2001 жылдары - Рейн-Вестфалия техникалық жоғары мектебінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыған. 2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бас маманы, бөлім бастығының міндетін атқарушы, бөлім бастығы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы кеңесшісінің міндетін атқарушы, төраға кеңесшісі. 2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы, полиция майоры. 2005-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі кадрлармен қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлім секторының меңгерушісі. 2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. 2009 жылдан бастап - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесшісі.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.