Смағұлов Бауыржан Әміржанұлы 1963 жылдың 11 тамызында Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын, Қарағанды экономикалық университетін, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет Ресей академиясын тәмамдаған. Тіршілік әрекеті және қоршаған ортаны қорғау бакалавры, сондай-ақ техника ғылымдарының кандидаты.
Қызметтік жолын 1986 жылы бастаған.
2005 жылдан бастап Қарағанды облысының қоршаған ортаны қорғау басқармасы бастығы болып қызмет атқарды.
2008 жылы Нұра-Сарысу экология департаментінің бастығы болған.
Ал 2010 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
2012- 2013 жж аралығында ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары болды.
Ал 2013 жылдың наурыз айынан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет төрағасының орынбасары.
Смағұлов Бауыржан Әміржанұлы
Последние статьи автора