Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов 1976 жылы 11 мамырда дүниеге Қарағанды қаласында келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген, халықаралық қатынастар маманы. 1998-1999 жылдары - ҚР СІМ референті, атташесі. 1999-2000 жылдары - ҚР-ның Кореядағы елшілігінің атташесі. 2000-2002 жылдары - Дипломатиялық академияның тыңдаушысы. 2002 жылы - ҚР СІМ екінші хатшысы. 2002-2004 жылдары - ҚР Австриядағы елшілігінің екінші хатшысы. 2004-2005 жылдары - ҚР-ның Ұлыбританиядағы елшілігінің бірінші хатшысы. 2005 жылы - ҚР СІМ ақпараттық-талдау жұмыстары және болжамдық бағалаулар департаментінің директоры. 2005-2007 жылдары - ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің директоры. 2008-2009 жылдары - ҚР-ның Болгариядағы уақытша сенімді өкілі. 2009-2012 жылдары - ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі - ЕҚЫҰ департаментінің директоры. 2012 жылғы ақпаннан ҚР Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саяси талдау және жоспарлау комитетінің төрағасы.
Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов
Последние статьи автора