Серікқали Тыныбекұлы Тыныбеков

Серікқали Тыныбекұлы Тыныбеков

Серікқали Тыныбекұлы Тыныбеков 1961 жылы 24 сəуірде Батыс Қазақстан облысы Жанғала ауданының Новая Казанка кентінде дүниеге келді. 1978 жылы Саратов облысы Александров-Гай ауданындағы станция жанындағы орта мектепті бітірді. Заң ғылымдарының докторы, профессор, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу жəне еңбек құқық кафедрасының меңгерушісі.
1978- 1979 жылдары «Саратовтрангаз» өндірістік бірлестігі Александров-Гай жол-өндірістік басқармасы бақылау өлшеу аспаптары жəне автоматика аспапшысы (приборист). 1979-1981 жылдары Кеңес Армиясында əскери борышын атқарды. 1981-1983 жылдары «Алматымəдениеттұрмысқұрылыс» «Университетқұрылыс» құрылысмонтаж басқармасында электрдəнекерлеуші болып істеді. 1983 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың заң факультетіне түсіп, 1988 жылы оны үздік бітірді жəне қылмыстық іс жүргізу кафедрасына жұмысқа қабылданды. Ғылыми көзқарасының қалыптасуына кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Калимолла Халикұлы Халиков үлкен ықпал етті. Оның жетекшілігімен Серікқали Тыныбеков 1996 жылы «Алдын ала тергеу сатысында сезікті мен айыпталушыны қорғау құқықтарын қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация, ал 2005 жылы «Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі адвокатура институты» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады. 2009 жылы ҚР Жоғарғы аттестациялық комиссияның шешімімен С.Тыныбековқа ғылыми профессор атағы берілді.
Ол 23 жыл бойы кафедра ассистентінен бастап меңгерушіге дейінгі сатыдан өтіп, Қазақ ұлттық университетінде үздіксіз жұмыс істеп келеді: 1988 жылдан бастап 1992 жылға дейін ҚазМУ заң факультетінің ассистенті, аға оқытушысы, деканның орынбасары; 1992 жылдан бастап 1994 жылға дейін - Алматы қаласы əкімі орынбасарының көмекшісі; 1994 жылдан бастап 1996 жылға дейін əл-Фараби атындағы ҚазМУ заң факультеті қылмыстық іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы; 1996 жылдан бастап 1997 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің заң жəне сот жүйесі бөлімінің аға сарапшысы; 1997 жылдан бастап 2006 жылға дейін əл-Фараби атындағы ҚазМУ заң факультеті сот билігі жəне қылмыстық іс жүргізу кафедрасының доценті; 2006 жылдан бастап əл-Фараби атындағы ҚазМУ заң факультеті сот билігі жəне қылмыстық іс жүргізу кафедрасының профессоры; 2011 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін сот билігі жəне қылмыстық іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі.
Серікқали Тыныбеков əл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университетінің жанындағы Д14.А50.15 заң ғылымдарының докторы атағын алу үшін диссертациялар қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары болып істеді. Оның жетекшілігімен үш кандидаттық диссертация қорғалды. 2010 жылғы қазаннан бастап Қырғыз-Ресей Славян университеті мен Қырғыз мемлекеттік заң академиясында Д12.10.421 заң ғылымдарының докторы ғылыми дəрежесін алу үшін диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшесі. Шыңжан университетінің құрметті профессоры (Үрімші қаласы, ҚХР). Алматы қаласы адвокаттар алқасы аттестациялық комиссиясының мүшесі болып бірнеше рет шақырылды.
85 ғылыми еңбегі бар, оның ішінде қазақ жəне орыс тілдерінде 2 монография, 2 оқулық, 2 оқу құралын жарыққа шығарды.
«Казақстан Республикасының тəуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, Алматы қаласы əкімінің Алғыс хатымен, Алматы қаласы əкімінің Құрмет грамотасымен. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен, «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медалімен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста