Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаев
Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаев 1956 жылы 27 мамырда Алматы облысы, Іле ауданы, Жаңа-Арна ауылында дүниеге келді. 1974-1980 жылдары - Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті. 1980-1982 жылдары - №20 кәсіптік-техникалық училищесінің өндірістік оқыту мастері. 1982-1983 жылдары - №116 қалалық кәсіптік-техникалық училищесінің комсомол комитетінің Хатшысы. 1983-1985 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Алматы облыстық комитетінің сектор меңгерушісі. 1985-1989 жылдары - Қазақстан ЛКЖО орталық комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары, жауапты ұйымдастырушы. 1989-1991 жылдары - Алматы политология және басқару институтының тыңдаушысы. 1991 ақпан айынан қарашаға дейін - Алматы қалалық халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің ұлтаралық қатынас және қоғамдық ұйымдармен байланыс бөлімінің меңгерушісі. 1991-1992 жылдары - Алатау аудандық халық депутаттары Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1992-1993 жылдары - Алматы қаласының Алатау аудандық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1993-1994 жылдары - Алматы қаласы Совет аудандық әкімшілігінің басшысы. 1994-1996 жылдары - «Глоба Казахстана» қаржы корпорациясының президенті. 1996-1999 жылдары - Қызылорда облысы Әкімінің бірінші орынбасары. 1999-2004 жылдары - Қызылорда облысының Әкімі. 2004-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Алматы қаласындағы арнайы өкілі. 2005 жылғы наурыз айынан шілдеге дейін - «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы орталық аппаратының жетекшісі. 2005-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің Бас инспекторы. 2008-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша аумақтық басқармасы мен Тәртіптік кеңесінің басшысы. 2012 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі. «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталды. Экономика ғылымдарының докторы, профессор.