Серік Жексембекұлы Еркімбеков 1958 жылы 3 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келді. Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Қазақстан Композиторлар одағының аға консультанты болып бастаған. 1986-1998 жылдары - Алматы консерваториясының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, деканы. 1998-2007 жылдары Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы болған. Композитордың «Мәңгілік алау» балеті, оркестр мен фортепьяноға арналған концерті, органға арналған «Шығыс аспаны» музыкасы, «Шолпы», «Тас аруақ» хореографиялық билері, «Жұлдыздар аңыздары» аспаптық сюитасы, бірқатар романстары мен әндері бар. Сондай-ақ ол бірқатар спектакльдер мен кинофильмдерге арнап музыка жазған.
Серік Жексембекұлы Еркімбеков
Последние статьи автора