Серік Төкенұлы Нұрқазов
Серік Төкенұлы Нұрқазов 1959 жылы 4 қазанда Қарағанды облысы Ақтау ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Қарағанды педагогикалық институтының дене тәрбиесі және спорт факультетін, 1988 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «құқықтану» факультетін тәмамдаған. Бокстан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері.
1979 жылы және 1983 жылы КСРО Жоғарғы Советінің грамотасымен, 1985 жылы «Еңбек үздігі» медалімен марапатталды. Абай ауданының «Құрметті азаматы».
Спортағы жетістіктері: 1983 жылы Европа Чемпионы (Болгарияның Варна қаласы), 1983 жылы Әлем Кубогының күміс жүлдегері, (Италияның Рим қаласы). 1984 жылы «Дружба-84» халықаралық жарысының күміс жүлдегері (Кубаның Гавана қаласы), КСРО-АҚШ матчтық кездесудің жеңімпазы. 1983 жылы КСРО Чемпионы, 1984 жылы КСРО Чемпионы, 1986 жылы КСРО Чемпионы.