Серік Сіләмжанұлы Сыдықов 1962 жылы 6 қазанда Алматы облысы Райымбек ауданы Қарқара ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған, заңгер. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жауапты қызметтер атқарды, «Тұран-Агро» фирмасы заң бөлімінің меңгерушісі, ҚР Президентінің Жоғарғы Кеңестегі өкілі - аға сарапшы, ҚР Парламенті Сенаты Аппаратында консультант, құқықтық сараптама бөлімінің сектор меңгерушісі, Сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болды.
Қазір ҚР Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары.
«Құрмет» орденімен, ТМД ПАА құрмет грамотасымен және күміс медалімен, бес медальмен марапатталған.
Серік Сіләмжанұлы Сыдықов
Последние статьи автора