Серік Естайұлы Естай 1967 жылы 28 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1992 жылы «Инженер-электрик» мамандығы бойынша Алматы энергетикалық институтын, 2002 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған. Техника ғылымының кандидаты.
Еңбек жолын 1984 жылы «Ауыл шаруашылық химиясы» ӨБ-те жұмысшы болып бастады. 1992-1993 жылдары - «Орда» инвестициялық қорында бас маман. 1993-1995 жылдары «Гарант» АҚ-ның Коммерция жөніндегі Вице-президенті. 1995 жылы Автокөлік кәсіпорнында Директордың ШЕАБ МТЖ жөніндегі орынбасары. 1995-1996 жылдары «Уейкфилд Инспекшен Сервис ЛТД» ЖШС-ның Бас директорының орынбасары. 1996-1998 жылдары «Шымкентгаз» АҚ-ның сату бөлімінің бастығы. 1998-1999 жылдары «Алаугаз» Алматы филиалында бөлім бастығы. 1999 жылы ҚР Кеден органдарында Энергетикалық кеденнің бас инспекторы болып жұмыс істеді. 1999-2000 жылдары Салық полициясының Аға инспектор. 2000-2002 жылдары «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ-ның Бюджет пен сатып алуды бақылау бөлімінің маманы, МТЖ департаментінің 1-санатты маманы. 2002-2003 жылдары «ҚазТрансГаз» ЖАҚ-ның Өңірлермен жұмыс істеу жөніндегі басқармасының бастығы, Бас директордың орынбасары. 2003 жылы «ҚазТрансГаз» ЖАҚ-ның Газды тасымалдау және маркетинг департаменті Газды тасымалдау және клиринг бөлімінің бас менеджері. 2003-2004 жылдары «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ-ның «Оңтүстік» магистральдық газ құбырлары басқармасында Директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары. 2004 жылы «ҚазТрансГаз Дистрибтьюшн» ЖАҚ-ында Бас директордың орынбасары, Бас директордың бірінші орынбасары. 2004 жылғы желтоқсаннан бастап 2007 жылғы қыркүйекке дейін - «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Бас директоры. 2007 жылғы қыркүйектен бастап - «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның Бас директоры.
Серік Естайұлы Естай
Последние статьи автора