Серік Дәулеталыұлы Абас-шах
Серік Дәулеталыұлы Абас-шах (Абасов) 1964 жылы 29 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар ауылында дүниеге келген. Тележурналист, продюсер.
1989 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдаған. Университетті бітіргеннен кейін 1989-1996 жылдары Жамбыл облысы телерадиокомпаниясында редактор, комментатор, 1996-1997 жылдары "АвторТВ" авторлық теледидарында жетекші, 1997 жылы "Хабар" агенттігінде "Сәлем, Қазақстан!' бағдарламасының редакторы, 1997-2000 жылдары "Хабар" агенттігінің жаңалықтар қызметінде продюсер, 2002 жылы қыркүйек айынан Хабар агенттігінің бас продюсері, 2011 жылы "Қазақстан" «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының бас продюсері болып қызмет атқарды. 2013 жылдан бастап "ЕлАрна" телеарнасының бас директоры.
Көгілдір экрандағы "Жетпіс жеті күн", "Абайдың қара сөздері", "Ұят болмасын", "Алтыбақан", "Ауылдың алты ауызы", "Өлең сөздің патшасы", "Еркектің аты еркек", "Әйелдер-ай, әйелдер", "Сіздікі дұрыс, бірақ" "Гәкку", "Тартыс" т.б. телебағдарламалардың жетекшісі.
Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері (1994), "Алтын Жұлдыз" иегері (1999).