Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев
Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев 1962 жылы 19 қарашада Алматы облысы Алакөл ауданында дүниеге келген. 1985 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «экономист-кибернетик» мамандағы бойынша тәмамдады. Экономика ғылымдарының кандидаты.
1995-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде министрдің орынбасары, министрдің бірінші орынбасары, бірінші вице-минстр қызметтерін атқарды. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрі болып тағайындалды. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды. 1999 жылы шілде айында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. 2001-2002 жылдар аралығында «Қазақстанның Даму банкі» ЖАҚ-ның президенті қызметін атқарды. 2002 -2003 жылдары - «Каспий Өнеркәсіп – Қаржылық тобы» ЖШС-ның бас директоры. 2003 жылғы маусымнан 2004 жылғы желтоқсанға дейін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 2004 жылдың желтоқсан айынан Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі. 2006-2007 жылдары - «Самұрық» Қазақстанның мемлекеттік активтерін басқару жөніндегі холдинг» АҚ басқармасының төрағасы. 2007-2010 жылдары - ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрі. 2010-2013 жылдары - ҚР мұнай және газ министрі. 2013 жылғы шілдеден бастап «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасы.
ІІІ дәрежелі «Барыс» және «Достық» ордендерімен, медальдармен марапатталған.